Жас кәсіпкерлердің «Syr-Live» жобасы үздік деп танылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 мамыр 2022
  • 1609

Жас кәсіпкерлердің «Syr-Live» жобасы үздік деп танылды

Университетте бизнес бастаймын деген жастарға үлкен қолдау бар. Күн өткен сайын кәсіпкер студенттердің қатары артып, жетістіктерімен қуантып келеді.

Елордада өткен «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO – 2022» республикалық жобалар сайысында «ENACTUS Kyzylorda Korkyt Ata university» командасы ІІ орын алып, 700 мың теңге иеленді. 

Университет жастарынан құралған команда  «CHEVRON & ENACTUS WATER RACЕ» арнаулы байқауына «Syr-Live» жобасын ұсынды.

«CHEVRON & ENACTUS WATER RACЕ» – еліміздегі су ресурстары мәселесін шешуге арналған сайыс. Байқауға республика бойынша оқу орындарынан 128 өтінім қабылданып, 22 жоба финалдық кезеңге өтті. 

«Syr-Live» – дренажды қондырғыларды қолдану арқылы күріш алқаптарындағы сарқынды суларды тазартып, қайта қолдануға, су ресурстарын үнемдеуге бағытталған жоба. 

Айта кету керек, Жанарыс Түбекбаевтың жетекшілігімен студенттер – Абжанов Темірлан, Сәрсенбек Дидар, Таджибай Алия, Нұржанұлы Нұрбол, Оңғар Қарақат, Бекетова Мөлдір, Избембет Ақылбек аталған жоба аясында жұмыс жасады.

Білім алушылар үшін тағы бір жақсы жаңалық, университет студенттерінен құралған команда «BEELINE&ENACTUS: Жарқын жақта өмір сүр» арнайы IT жобалар байқауында үздіктер қатарына еніп, BEELINE кеңсесінің жаздық инкубациясына шақыру алды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...