«500 ғалым» жобасы бойынша шәкіртақы иегерлері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 маусым 2023
  • 1223

«500 ғалым» жобасы бойынша шәкіртақы иегерлері

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 22 маусымдағы шешімімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 14 оқытушысы «500 ғалым» жобасы бойынша шәкіртақы иегері атанды 
 
«500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес отандық ғалымдардың әлемдік жетекші ғылыми орталықтарда кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бекітілді. Мәселен, өткен жылы алғаш рет 6 адам келесі университеттерде тағылымдамадан өткен: Тюбинген университеті (Германия); Джордж Вашингтон университеті (АҚШ); А.Е.Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институты (Татарстан Республикасы); К.А.Тимирязев атындағы Ресей аграрлық университеті (Ресей); М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей); Беларусь мемлекеттік агротехникалық университеті (Беларусь).
 
2023 жылдың күзінен бастап университетіміздің 14 ғалымы шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін мемлекет есебінен тағылымдамадан өтуді бастайды. Бұл физика, археология, су ресурстары, жылу энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері, құрылыс, шет тілдері, педагогика және психология саласындағы мамандары:
1. Абжаев Марат Маликович – Ресей (Қазан (Еділ) федералды университеті)
2. Асанова Жанна Сексенбаевна – Әзірбайжан (Әзербайжан техникалық университеті)
3. Әмірғалина Гүлмира Темірболатқызы – Германия (Тюбинген Эберхард және Карл университеті)
4. Байниязова Ақмарал Тасқарақызы – Ресей (Қазан (Еділ) федералды университеті)
5. Далдабаева Гүлнұр Төреханқызы – Швейцария (Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті)
6. Елеуова Эльмира Шораевна – Швейцария (Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті)
7. Ізтілеуова Жанна Бақытжанқызы – Ұлыбритания (Уорвик Университеті)
8. Сапарқызы Жаннат – Ресей (М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті)
9. Сардарова Эльмира Асанбекқызы – Ұлыбритания (Уорвик Университеті)
10. Сұлтанжанов Жетесби Қанапияұлы – Германия (Тюбинген Эберхард және Карл университеті)
11. Сыдықова Гүлнар Құдайбергенқызы – Әзірбайжан (Әзербайжан техникалық университеті)
12. Умбетова Шолпан Мырзабекқызы – Әзірбайжан (Әзербайжан техникалық университеті)
13. Шынбергенов Ерлан Әлімжанұлы – Ресей (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті)
14. Шаянбекова Бахытжан Рахманбердиевна – Швейцария (Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті).
 
«500 ғалым» жобасы тұлғаның біліктілігін және құзыреттілігін арттыруға бірегей мүмкіндік береді. Әріптестеріміз қайта оралып, өңірлік мықты университет құруға күш салады деп сенеміз.
Болашақ-3.png

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...