«COP4WASH Орталық Азия: сумен жабдықтау, санитария және гигиена саласындағы зерттеу және ынтымақтастық»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 маусым 2023
  • 902

«COP4WASH Орталық Азия: сумен жабдықтау, санитария және гигиена саласындағы зерттеу және ынтымақтастық»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Далдабаева Тәжікстан Республикасы, Гүлістан қаласында өткен семинарға қатысты.

Семинарды «COP4WASH Орталық Азия: сумен жабдықтау, санитария және гигиена саласындағы зерттеу және ынтымақтастық» жобасы аясында су жөніндегі халықаралық хатшылық ұйымдастырды. Тренинг спикері солтүстік-батыс Швейцарияның қолданбалы ғылымдар және өнер университетінің аға ғылыми қызметкері Марина Питер.

Практикалық бөлім барысында қатысушылар Айни және Сарвода ауылдарындағы DEWATS санитарлық құрылыстарын салу бойынша су тазарту құрылыстары мен нысандарына барды. Сонымен қатар, Худжанд мемлекеттік университетінің, Тәжікстан тау-кен металлургия институтының және Душанбе қаласындағы Тәжік техникалық университетінің зертханаларымен танысты.

Айта кету керек, семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің оқытушылары және өндіріс мамандары қатысты.

Сертификат Душанбе_pages-to-jpg-0001.jpg

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...