Cеул ұлттық ғылым және технология университетінің делегациясы (Seoultech) Қызылордаға келді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 шілде 2023
  • 1197

Cеул ұлттық ғылым және технология университетінің делегациясы (Seoultech) Қызылордаға келді

Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің делегациясы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне келді.
 
Сеултех пен Қорқыт Ата университеті арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасы аясында маңызы өте зор.
 
Корея мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласында екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін SeoulTech ақпараттық технология және инжиниринг департаментімен «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университет жобасы» (LUPIC) әзірленді.
 
SeoulTech өкілдерін бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қожаниязов С.С. қабылдады. Тараптар Қызылорда қаласында жасанды интеллект және бизнес-инкубациялау мектебін құру бойынша LUPIC жобасын іске асырудың егжей-тегжейлерін талқылады.
 
Информатика және инжиниринг кафедрасының профессоры, Қазақстандық LUPIC жобалық орталығының директоры, SeoulTech жаһандық кванттық жасанды интеллект қауіпсіздік орталығының директоры Ким Джесу және SeoulTech Kazakhstan LUPIC жобалық орталығы директорының орынбасары Ким Сонгон шілденің 3-8 аралығында университетте болады.
 
Университетте студенттерді оқытуға қатысты академиялық мәселелерді талқылайды, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кадрлар дайындайтын профессорлық-оқытушы құрамымен, материалдық-техникалық базамен және т.б. танысады.
 
Сеул ұлттық ғылым және технология университеті (қысқартылған –  SeoulTech) 1910 жылы құрылған. Онда 20 мыңға жуық студент оқиды.
 
QS World University Ranking-2024 мәліметі бойынша SeoulTech ТОП-1001-1200 университеттер қатарына кіреді, сонымен бірге мамандандырылған университет ретінде Оңтүстік Кореяда 2-ші және Азияда 23-ші орында. QS бойынша пәндік әлемдік рейтингке сәйкес 2021 жылы SeoulTech мұнай өнеркәсібі саласында әлемде ТОП-51-100 және электр және электронды инженерия саласында 401-450 қатарына енді.
 
Мұнда оқыту бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде жүзеге асырылады. SeoulTech құрылымында ғылыми-зерттеу институттары, Сеул технопаркі бар.
 
Ресми түрде LUPIC жобасы 2023 жылдың 1 сәуірінде басталды және 2023-2030 жылдарға арналған. LUPIC бағдарламасы білім беру және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ озық білім беру тәжірибесі мен педагогикалық әлеуетті күшейту арқылы мемлекеттердің дамуына үлес қосуға бағытталған.

Нәтижесінде аймақта жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар бойынша мамандар даярланады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...