Сеултех университетінің жасанды интеллект мектебін ашу іске асырылуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 шілде 2023
  • 983

Сеултех университетінің жасанды интеллект мектебін ашу іске асырылуда

Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті информатика және инжиниринг кафедрасының профессоры, SeoulTech жаһандық кванттық жасанды интеллект қауіпсіздік орталығының директоры Джесу Ким және жобалық орталық директорының орынбасары Сонгон Ким университетіміздің негізінде жасанды интеллект мектебінің бірінші кезеңін енгізуге іссапармен келді.

SeoulTech өкілдері Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қабылдауында болды. Кездесуде жасанды интеллект мектебінің уақытша орналасатын орны талқыланып, әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

126.jpeg

128.jpeg
 
Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамы және SeoulTech өкілдерімен онлайн форматында кездесу өткізді. Министр өз тарапынан жоспарланған барлық бастамаларға қолдау білдіретінін атап өтті. Баяндамасында Қазақстандағы жоғары оқу орындарында болып жатқан жаңа өзгерістер туралы мағлұмат берді.

125.jpeg


Бір апта бойы SeoulTech өкілдері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мамандарымен бірге «Киберқауіпсіздік», «Жасанды интеллект», «Компьютерлік ғылымдар» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын талқылап, жүзеге асыруды бастайды.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА:
IT саласы бойынша озық технологияларды меңгерген «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» мамандықтарының мемлекеттік грантын жеңіп алу арқылы, жасанды интеллект мектебіне іріктеумен білім алуға болады.

Нәтижесінде отанымызға жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар бойынша жаңа форматтағы мамандар даярланады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...