Темірболат Ыбрайұлы – 75 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 шілде 2023
  • 1105

Темірболат Ыбрайұлы – 75 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы, академиялық доцент, филология ғылымдарының кандидаты Темірболат Кеншінбайдың 75 жасқа толу мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.
Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры  Жандос Базартай ғалымның білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты шарада Темірболат Ыбрайұлына білім беру қызметін дамытуда қоғамдық-мәдени, рухани-әлеуметтік жұмыстарында қол жеткізген табыстары мен елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды.

133.JPG

134.JPG

Темірболат Кеншінбай 1972 жылдан бастап бүгінге дейін осы іргелі оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, әлем тілдері факультетінің деканы, халықаралық қатынастар жөніндегі департамент директоры, халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, халықаралық жобалар мен стипендиялар жөніндегі топ жетекшісі қызметтерін атқарып келеді.

Айта кету керек, Темірболат Ыбрайұлы еліміздің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» белгісімен,  ҚР Президентінің алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен, «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ «Ғылым Көшбасшысы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

135.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...