«KAZENERGY» қауымдастығы студенттер мен талапкерлерге грант тағайындамақ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 шілде 2023
  • 1006

«KAZENERGY» қауымдастығы студенттер мен талапкерлерге грант тағайындамақ

«KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы – бұл тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. ҚР мұнай-газ және энергетика кешенді ұйымдарының ерікті бірлестігі. Жоғары оқу орындарына түсетін және оқитын кандидаттар үшін бір жылға академиялық грантқа байқау жариялайды.

Байқауға ҚР Жоғары оқу орындарына түсетін және оқитын кандидаттар қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 20 шілдеден 31 тамызға дейін өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін ҚР жоғары оқу орындарына түсушілер мен білім алушылардың шарттары www.kazenergy.com сайтында орналастырылған.

Байқауға қатысу шарттары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы.
2) Оқу орнына шартсыз қабылдау немесе оқыту (білім алушыда қаржылық берешек болмаған кезде).
3) Үлгерімінің келесі көрсеткіштерге сәйкестігі:      
- 80 балл және одан жоғары ҰБТ/КТ сертификаты;
-  диплом бойынша кандидаттың үлгерімінің орташа балы бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен адамдар үшін кемінде 4,0 (5,0-ден);
- бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (В);
- бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарын аяқтаған кандидаттар үшін GPA кемінде 3,33 (В+);
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кез келген курсында оқитын кандидаттар үшін GPA 3,33 (В+) кем емес.

Қажетті құжаттар тізімі:
1) Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілген жеке куәліктің/туу туралы куәліктің/паспорттың көшірмесі.
2) Алдыңғы білім алғанын растайтын құжаттың және үлгерім балының (ҰБТ/КТ сертификатының не дипломның) көшірмесі – 1 (бірінші) курсқа түскендер үшін және білім алушылар үшін – алдыңғы оқу жылы үшін GРА көрсетілген транскрипт (білімді бағалаудың өзге жүйесі болған жағдайда, бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтағандар үшін кемінде 3,0 (B) GРА-ға баламалы үлгерім туралы оқу бөлімі куәландырған анықтаманы ұсыну; бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курсын аяқтаған адамдар үшін кемінде 3,33 (В+), сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық курстарында оқитын адамдар үшін GРА кемінде 3,33 (В+).
3) Отбасы құрамы туралы анықтама (тек көп балалы отбасылар үшін).
4) Көрсетілген санаттардың біреуін (немесе бірнешеуін) құжаттық растау, олар болған жағдайда: аз қамтылған және (немесе) толық емес отбасы, жетім, мүгедек.
5) Қол қойылған (оқу орнының ресми бланкісінде немесе мөрімен расталған) оқуға қабылдау туралы/оқу туралы анықтама (Заңды тұлғалардың төлеуі үшін 1 (бір) оқу жылындағы оқу құны, оқу курсы мен нысаны, қаржылық берешегінің жоқтығы көрсетіледі).
6) Конкурстарға, олимпиадаларға және т. б. қатысу туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса).


Байқауға қатысу мәселелері бойынша байланыс номері: +7 7172-79-49-75 Толымбекова Виктория Андреевна
e-mail: candidate@kazenergy.com

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...