Меморандумға қол қойылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 тамыз 2023
  • 895

Меморандумға қол қойылды

Қызылорда облысына екі күндік сапармен Оңтүстік Кореядан делегация келді. Шетелдік делегация құрамында Цой Кенгхак, Корея бұғазындағы теңіз шайқасындағы жеңісті еске алу қорының төрағасы Чонг Кенгвон, Корея тарих және мәдениет орталығының бас хатшысы Ли Донон, Кореяның Тәуелсіздік мемориалдық үйінің профессоры және ғылыми қызметкері және 30-дан астам жоғары оқу орынының студенттері мен орта мектеп оқушылары бар. 

IMG20230802093444.jpg

WhatsApp Image 2023-08-02 at 22.13.05.jpeg

Сапардың басты мақсаты – корей жастарына Қазақстандағы корей этносының тарихы мен мәдениетін таныстыру, бүгінгі өмірін көрсету. Сол арқылы екі ел арасындағы байланысты одан әрі ұлғайту.

Қонақтар сапардың алғашқы күні мемориалдық кешенге барып, генерал Хон Бом До мен жазушы Ге Бон У ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сапардың бірінші күні делегация Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарихи мұражайымен танысып, Корей тарихының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына барды.

Сапардың екінші күні Достық үйінде қала жұртшылығы екіжақты байланысты дамытудың маңызды мәселелері қаралды. Білім беру саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Содан кейін білім беру саласындағы алмасу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Корей бұғазындағы теңіз шайқасындағы жеңісті еске алу Қорының атынан қор төрағасы Цой Кенгхак, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің атынан Басқарма төрағасы - ректордың міндетін атқарушы, Басқарма мүшесі, стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор Нұрлан Уразбаев қол қойды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...