Қытайлық компания өкілдері университеттің ғылыми әлеуетімен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 тамыз 2023
  • 943

Қытайлық компания өкілдері университеттің ғылыми әлеуетімен танысты

Қытайдың «Shanxi Zhanchi Junyu Real Estate Development Co., LTD» компаниясының делегациясы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.  

Делегация өкілдері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасымен, ҚР еңбек сіңірген гидротехнигі М.Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейімен, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Қызылорда облысының Даму орталығының кеңсесінде «Shanxi Zhanchi Junyu Real Estate Development Co., LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өңірлер арасында ынтымақтастықты арттыру мақсатында тараптар құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында өзара байланысты  дамытуға және сауда қатынастарын орнатуға келісті.

Қытайлық «Shanxi Zhanchi Junyu Real Estate Development Co., LTD»   компаниясының делегациясына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуеті таныстырылды.

Кездесуде бірлескен жұмыстарды, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...