Білім алушылар тарихи орындарға саяхаттады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 тамыз 2023
  • 863

Білім алушылар тарихи орындарға саяхаттады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай белсенді студенттер Түркістан облысының киелі және тарихи жерлеріне саяхаттады. Екі топтан құралған жастар сапары екі күнге созылды. Білім алушылар – Отырар қаласы, Арыстан баб, Гауһар ана, Қожа Ахмет Ясауи кесенелерін аралап, кешкі «Керуен сарайда» серуендеді.

WhatsApp Image 2023-08-14 at 15.20.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-08-14 at 15.20.22.jpeg

Білім ордасының «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3-курс студенті Нұрайым Сағнадинқызы саяхаттан алған әсерімен бөлісті.

-      Университет біз секілді жастарға мерекеге орай керемет танымдық саяхат сыйлағаны үшін дән ризамын. Қасиетті, киелі жерлердің терең тарихымен танысып, өз көзімізбен тамашаладық. Көңілді, қызықты сапар үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, - деді студент.

Жастарға арналған бұл саяхат оқу жылы қарсаңында жаңа серпіліс сыйлады.

WhatsApp Image 2023-08-14 at 15.20.10.jpeg

WhatsApp Image 2023-08-14 at 15.20.23 (2).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...