Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері 600 мың теңге грант жеңіп алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 тамыз 2023
  • 1036

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері 600 мың теңге грант жеңіп алды

Белсенді жастардың шығармашылық ортасын қалыптастыру және олардың тың бастамасына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының облыстық кезеңі аяқталды. 

photo_5400102002790355800_y.jpg

photo_5400102002790355801_y.jpg

Конкурстық негізде “IT” бағыты бойынша Тұрсынбай Елдос, Ахметов Бауыржан, “Медиа» бағыты бойынша Әділхан Досым, Жанарбек Бекарыс жобаларын таныстырып, грант иеленді.

Әділхан Досым мен Тұрсынбай Елдос – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері.

- «Dmenu» − Қызылорда халқын цифрландыруға негізделген, бизнеске арналған мобильді сайт. Мейрамханалар және бизнестің басқа да салалары өз тауарларының ассортиментін мобильдік сайт арқылы  тұтынушыға ұсына алатын болады», − деді Елдос Тұрсынбай.

Келесі грант иегері Әділхан Досым Қызылордаға  арналған ақпараттық парақша ұсынды. Әлеуметтік желі арқылы  тұрғындарды ақпараттындырумен айналысады және өңірде өтетін мерекелік шаралар, жиындармен қатар маңызды оқиғалармен бөліседі.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...