Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханалары студент қабылдауға дайын
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 тамыз 2023
  • 1259

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханалары студент қабылдауға дайын

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 5 жатақханамен қамтылған. Оқу орнының меншігінде №1 (512 орын), №2 (73 орын),  №3 (260 орын),  №5 (400 орын)  студенттік жатақхана және №4 (60 пәтер) ғалымдар үйі бар.

Қазіргі уақытта №1 жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Сонымен қатар, №8 оқу  ғимаратының 3-5 қабаттарындағы 60 орындық жатақхана жаңа оқу жылында студент қабылдауға дайын.

Білім алушылардың жатақханамен толық қамтылуы – басты назарда.  Сондықтан, қосымша келісімшарт арқылы «Қаржы орталығы» АҚ қаржыландырылатын «Өркениет» және «ДиЛМАШ» ЖШС-ның жатақханаларынан 437 орын пайдалануға келісім жасалды.  Мұнан бөлек «Қаржы орталығы» АҚ қаржыландырылатын жеке кәсіпкермен 100 орындық жатақхананы жалға алу бойынша келісім жүргізілуде.

Биылғы оқу жылында жатақханаға өтініштер онлайн және офлайн қабылдануда. 1 тамыздан бастап университеттің бас оқу ғимаратында «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары» бөлімінің қызметкерлері жатақханаға өтініш қабылдау, тіркеу және жолдама беру жұмыстарын атқаруда.

Университет бойынша жатақханалардағы орын саны – 1230, қазіргі уақытта студенттер үйіне 773 білім алушы жолдама алды.

Білім ордасында жатақханаға орналасу бойынша арнайы Call-center жұмыс жасайды.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...