Қызылордада “Startup Joly”  бағдарламасы басталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 тамыз 2023
  • 978

Қызылордада “Startup Joly”  бағдарламасы басталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен “Startup Joly” бағдарламасы басталды.

- 14 тамызда басталған бағдарламаға 135 адам қатысуға өтінім берді. Нәтижесінде 45 жобаны қабылдадық. Қызылорда облысының көлемінде ұйымдастырылған бағдарламаға Алматы қаласынан да қатысуға ниет білдергендер бар. Бағдарламаның алғашқы күні "Стартап дегеніміз не? Стартап кезеңдері" тақырыбы бойынша жаңа ақпараттар айтылды, - деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев.

IMG_5642.JPG

IMG_5661.JPG

Бағдарламаның келесі сабақтары  “Идея табу. MCI”, “Нысанды аудитория және тұтынушы сегменттері” тақырыбына арналды. Нысанды аудитория тақырыбы бойынша резиденттер өз бизнесінің мақсатты аудиториясын қалай анықтауға болатынын, бизнестің тиімділігін арттыруды үйренді. Семинардың тақырыбына сәйкес әр сабаққа жаңа спикерлер шақырылады. 

Бағдарлама аясында қатысушылар жобасын прототип сатысына дейін дамытып, қаржы тарту мүмкіндіне ие болу үшін тегін семинарлардан бөлек менторлық көмек көрсетіледі. Ал, 45 жоба бойынша қыркүйек айының 15 күні Demo Day ұйымдастырылады. 

Айта кетейік, қыркүйек айында оқу аяқталғаннан кейін бағдарламаның келесі легіне өтінім қабылдау басталады.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...