Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 тамыз 2023
  • 1148

Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиында университеттің Басқарма төрағасы – Ректорының қоғаммен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Абайбек Жүнісов Ата Заңымыздың ел дамуы жолындағы маңызы, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.

WhatsApp Image 2023-08-25 at 17.15.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-08-25 at 17.17.21.jpeg

- Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Мемлекеттің тұтастығы, саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтар құқығының сақталуы, демократиялық құндылықтардың барлығы осы заңның аясына топтасқан. 28 жыл ішінде Конституцияға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заман талабына сай дамуға бет алған Қазақстан үшін уақыт ағымына қарай икемделіп отыру аса маңызды, – деді Абайбек Талғатұлы.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков Ата заң елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат екеніне тоқталды.

WhatsApp Image 2023-08-25 at 17.15.36 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-08-25 at 17.15.36 (4).jpeg

Жиында университеттің философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының саясаттану ғылымдарының кандидаты  Ербол Абенов, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының ардагері, Полиция полковнигі, Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Темірхан Қанатбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев, құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Айнұр Исаева баяндама жасады.

Ғалымдар Конституцияға 28 жыл ішінде енгізілген толықтыруларға кеңінен тоқталып, адамдар құқығының қорғалуы, заң үстемдігі турасындағы мәселелерді талқыға салды. Сондай-ақ, шетелдегі заңдар жүйесінің ерекшеліктерін жеткізді.

WhatsApp Image 2023-08-25 at 17.15.36 (5).jpeg

WhatsApp Image 2023-08-25 at 17.15.36 (6).jpeg

Айта кету керек, шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, конференция барысында мерекеге орай сала мамандары марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...