Жолдау жүктеген міндеттер
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қыркүйек 2023
  • 1009

Жолдау жүктеген міндеттер

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жиын өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді дамыту бағытындағы негізгі міндеттерді атап өтіп, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Ғылым және білім, экология, энергетика, су шаруашылығы салаларына кеңінен тоқталып, жаңа министрліктер құрылатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2023-09-06 at 16.54.00.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-06 at 16.54.01.jpeg

Жиынға қатысушылар Президент Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында жүргізілетін жүйелі жұмыстарды талқыға салды. 

Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жандос Базартай Жолдаудың ел дамуы үшін маңызы ерекше екенін айтты.

– Жолдау бүгін атқарылуға тиісті өзекті міндеттерді, ертең бағындырылатын межелерді егжей-тегжейлі тиянақтаған. Олар ашық экономика мен ұлттық өнеркәсіпті қолдау, аграрлық өнеркәсіп пен аграрлық ғылымды дамыту, жаңғыртпалы энергетика көздерін дамыту, ғылымның нәтижелерін коммерцияландыру мен жобаларды венчурлық қаржыландыруды, сонымен қоса барлық салаларды цифрландыру үдерісін де қамтып жатыр. Бірінен бірін бөле-жара қарау еш мүмкін емес, – деді Жандос Нұртайұлы.

Сондай-ақ, жиында Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Жорабек Нұрымбетов, философия ғылымдарының докторы, университеттің «Философия және әлеуеметтік-гуманитарлық пәндер циклы» кафедрасының профессоры Баймырза Қожамберлиев, «Аманат» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева баяндама жасады.

Айта кету керек, басқосуға қоғамдық ұйым өкілдері, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...