Ғалымдар Түркияда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 тамыз 2023
  • 804

Ғалымдар Түркияда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді

«Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби танымдық ерекшеліктері» жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес 23-31 шілде аралығында Түркия астанасы Анкарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары Гүлзира Оралова, Ұлжан Жанбершиева, Айдынгүл Төлебаева іс-сапарда болды.  Іс-сапар мақсаты – ортақ әдеби-мәдени туындыларға қатысты материалдар жинақтау, ғылыми ортада талқылау, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, киелі, қасиетті орындарға байланысты деректерді салыстыру, ғылыми сипаттама беру.

WhatsApp Image 2023-09-07 at 16.05.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-09-07 at 16.05.33.jpeg

Жоба қызметкерлері Анкара қаласындағы Президенттік Ұлт кітапханасында болып, тақырыпқа қатысты материалдар жинақтап, кітапхананың тың мәліметтері мен қолжазба деректері қорында жұмыс жасады. Сонымен қатар Қажы Байрам Вели университетінің профессор-ғалымдарымен кездесіп, пікір алмасты. Университет профессоры Иылдыз Наджиенің авторлық семинар-курсына қатысып, ортақ тақырыпты зерттеп зерделеу, ғылыми негіздеу мәселесі төңірегінде пікір алмасты. Осы тақырып аясындағы түрік ғалымдарының зерттеу еңбектері талқыланып, қажетті ақпараттар, мәліметтер, материалдар алынды. Семинар жұмысының қорытындысында университет ғалымдарына арнайы сертификат табысталды. Университеттің PhD докторы Зейнеп Аслан жоба тақырыбы аясында өзіндік көзқарасын білдіріп, осы саланы зерделеудегі еңбектерімен таныстырып, өз пікірімен бөлісті.

Іс-сапар жоспарына сәйкес Анкара университетінде болған кездесулер мол тәжірибе мен ынтымақтастық байланысқа толы болды. Университет профессоры Абдулла Гундогду түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетінің түбі бір екенін және ортақ құндылықтардың маңызы зор екеніне тоқталды. Түркітектес халықтардың ислам дінін қабылдауындағы уақыт айырмашылықтары туралы, ислам құндылықтарының толық қабылданғанына ежелгі түркі халықтарының тарихы мен өмір сүру салтының негіз болғанына тоқталды.  Жыр дастандар мен аңыздардағы ортақ сюжеттер мен мотивтерді салыстырып, ғылыми бағасын берді.

Ғалымдар Анкара, Стамбул қаласындағы киелі, қасиетті орындарды аралап, тарихи деректер мен тың мағлұматтарға қанықты.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...