Университет ректоры мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 мамыр 2022
  • 2338

Университет ректоры мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова ZOOM платформасы арқылы Қызылорда облысы мектептеріндегі  бітіруші түлектермен кездесті. 
Онлайн кездесуге өңірдегі білім ордаларының директорлары, бейінді орынбасарлары және 11-сынып  оқушылары қатысты. Жиынға қатысушылар сала өкілдеріне сұрақтарын қойып, оқу орны туралы ақпаратпен танысты. 
«Сіздердің болашақта өз саласында үздік маман болуларыңыз қазіргі таңдауларыңыз бен мақсаттарыңызға байланысты. Егер «келешекте туған жерде қызмет етемін, болашағымды Сыр елімен байланыстырамын» десеңіздер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдауға кеңес беремін. Оқу орнында білім ала жүріп нағыз жанашыр орта қалыптастырасыздар», - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Сыр еліндегі білім мен ғылымның қара шаңырағы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы кезге дейін мыңдаған түлектің жарқын болашағына жолдама берді. Жыл сайын білім алушылар саны артып келеді. Атап айтсақ, биылғы оқу жылында 8 мыңнан асты. 
Шара барысында «Рекрутинг» орталығының басшысы Жандос Оразмаханов кәсіби бағдар беру бойынша баяндама жасаса, «Тіркеуші офисі» бөлімінің басшысы Марат Абжаев қабылдау комиссиясы жайлы ақпаратпен бөлісті.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...