«Мұражайға саяхат» жалғасуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 қыркүйек 2023
  • 860

«Мұражайға саяхат» жалғасуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мұражайға саяхат» атты экскурсия өткізілді. Алдағы уақытта институттар бойынша барлық студент оқу орнындағы мұражайларымен танысады.

Университет тарихымен танысқан «Экономика және құқық» институтының «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент, маркетинг және сату», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының студенттері білім ордасының терең тарихы мен басқарған басшылары және әртүрлі жылдарда атқарылған ауқымды жұмыстар туралы пайдалы мағлұмат алды.

Мұражай меңгерушісі Бекзат Ырза экскурсия барысында білім алушыларды әрбір залдың экспозицияларымен және заманауи құралдармен жабдықталған «Open space» кітапханасының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Университет тарихы галереясы», ҚР Еңбек сіңірген гидротехнигі М.Нәлібаев атындағы су шаруашылығы, «Археология және этнография» ғылыми орталығы, зоология, «Спорт даңқы» мұражайлары бар.

Айта кету керек, аталған экскурсия университетте қыркүйек айының 27 күніне дейін созылады.

P2377488.JPG

P2377513.JPG

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...