Студенттер «Абырой» жас мемлекеттік қызмет мектебімен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 қыркүйек 2023
  • 1072

Студенттер «Абырой» жас мемлекеттік қызмет мектебімен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Абырой» жас мемлекеттік қызмет мектебіне шақыру мақсатында оқу орнының 4-курс студенттерімен кездесу өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірлескен жұмыстары негізінде мемлекеттік қызметке жастарды тарту, кәсібилендіру және облыстың кадр резервін қалыптастыру мақсатында жас мемлекеттік қызмет мектебі жобасы жүзеге асырылып келеді.

Кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Жәрдемұлы мемлекеттік қызметтің жай-күйімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

FB_IMG_1694515374064.jpg

FB_IMG_1694515369847.jpg

Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Мұрат Жолдасбекұлы алдағы оқу жылында мамандарға берілетін білім бағдарламалары және жаңа ізденістермен таныстырды.

Жиынға модераторлық еткен университеттің «Экономика және құқық» институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев өз сөзінде Департамент пен оқу ордасының арасында 2020 жылы жасалған меморандум өз жемісін беріп келе жатқанын айтып, мамандардың қызметке орналасуына мектептің ықпалын көрген студенттер тарапынан «Абырой» мектебіне ынталылар санының артқанын атап өтті.

Айта кету керек, кездесу соңында студенттерді толғандырған сұрақтарға жауап беріліп оларға Департаментте өтетін ашық есік күндеріне жүйелі қатысып, мемлекеттік қызметкердің күнделікті жұмысымен танысу ұсынылды.

IMGL7600.JPG

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...