Кәсіпкер Жасұлан Серіков «Жетістіктер формуласы» атты шеберлік сағатын өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 қыркүйек 2023
  • 1047

Кәсіпкер Жасұлан Серіков «Жетістіктер формуласы» атты шеберлік сағатын өткізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, кәсіпкер Жасұлан Серіковтің қатысуымен «Жетістіктер формуласы» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Кездесуде университет түлегі студенттерге АҚШ-тағы кәсібі, жетістікке жету барысында өткен оқиғалары жайлы айтты. Әңгімелесу кезінде екі ел арасындағы менталитет, тұлғалық даму, ағылшын тілін үйрену әдістерімен де бөлісті.

Жиында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы оқу ордамыздың оң имиджін қалыптастыруда үлес қосқаны үшін Жасұлан Сақтапбергенұлына алғыс білдіріп, «Үздік түлек» медалімен марапаттады.

140.JPG

Айта кету керек, бір жыл бұрын Жасұлан Серіков АҚШ-тың Калифорния штатына отбасымен бірге қоныс аударған болатын.

Шара соңында университет түлегіне студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, естелік фотоға түсті.

141.JPG

142.JPG

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...