Америкалық мұғалім бір жыл бойы дәріс өткізеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 қыркүйек 2023
  • 1092

Америкалық мұғалім бір жыл бойы дәріс өткізеді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік профессор-оқытушылардың студенттерге дәріс өткізуіне мүмкіндік жасалған.

АҚШ азаматшасы, Fulbright бағдарламасының стипендиаты Анна Кубас бір жыл бойы «Шет тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының студенттеріне ағылшын тілінде сабақ беретін болады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ағылшын тілін меңгеруге ниетті университет оқытушылары мен қызметкерлері үшін English Club аясында іс-шаралар өткізеді.

Джорджия штатында дүниеге келіп, білім алған Анна Кубас Солтүстік Джорджия университетінде Даугавпилсте (Латвия) шетелде оқу бағдарламасының директоры қызметін атқарған.

Айта кету керек, елімізге үкіметаралық келісімдер негізінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі арқылы келген 23 америкалық оқытушы Fulbright бағдарламасы арқылы білім беруге арнайы келген.

143.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...