Студенттер университет ұйымдарымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қыркүйек 2023
  • 941

Студенттер университет ұйымдарымен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «JaStar» атты студенттерге арналған кеш өтті. Қызықты әрі көңілді шарада жастар ұйымдары туралы кеңінен ақпарат алды.

P2377766.jpg

P2388315.jpg

Қазіргі таңда оқу орнында 24 жастар ұйымы бар. Білім алушылар оқумен қатар, студенттік өмірін белсенді әрі қызықты өткізу үшін қалаған ұйымына қосыла алады.

Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы 1-курс студенттерін университет ұйымдары атқаратын жұмыстарымен таныстырып, белсенді болуға шақырды.

- 86 жылдық тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде сапалы білім алумен қатар, ғылыммен, спортпен айналысуға, шығармашылық қабілеттеріңді шыңдауға мол мүмкіндік бар. Университте білім ала жүріп, мықты тұлға ретінде қалыптасасыздар. Біз сіздерді әрқашан қолдауға дайынбыз, - деді Жанар Бимұратқызы.

Сонымен қатар, кеш барысында университеттің белсенді студенттері әсем ән шырқап, өнер көрсетті.

P2388243.jpg

P2388043.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...