Шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Climate change» тақырыбына форсайт-сессия өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 қыркүйек 2023
  • 944

Шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Climate change» тақырыбына форсайт-сессия өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылау мақсатында форсайт-сессия ұйымдастырылды. Жиынға профессор-оқытушылар мен студенттер, шетелдік ғалымдар қатысты.

Алдымен Орталық Азиядағы БҰҰ волонтеры, экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесші Роберто Болтри «Арал теңізінің экологиялық апаты – өткеннің қателіктері және болашақтың шешімдері» тақырыбында баяндама жасады.

Жиында кеңесші Арал теңізін сақтап қалуда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

P2388566.JPG

P2388589.JPG

- Арал теңізін сақтап қалу мақсатында бірнеше жобалар жасалды. Бірақ, барлығы бірдей нәтижелі болды деп айта алмаймыз. Аралдың солтүстігінде үлкен бөгет салынды, ол Кіші Аралға жол ашты. Бұл – жасалған нақты жұмыстардың бірі. Алдағы уақытта бұл бөгетті ұзарту жұмыстарын жасасақ, нәтиже берері сөзсіз.Сонымен қатар, ластанған топырақтарды түрлі өсімдік түрлерімен будандастыру арқылы ормандандыру эксперименттері жүргізілуде, – деді Роберто Болтри.

Шара барысында қонақтар Инженерлі-технологиялық институтында орналасқан ҚР Еңбек сіңірген гидротехнигі М.Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейімен танысты.

Ал «Climate change» форсайт-сессияда климаттық өзгерістер мен экологиялық мәселелер кеңінен қозғалды. Шараға «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы негізінде Өзбекстан Республикасы «Ирригация инженерлері мен ауыл шаруашылығын механикаландыру Ташкент институты» Ұлттық зерттеу университетінен арнайы шақырылған техника ғылымдарының докторлары Абдурашид Алтиев, Обид Турсунов, Мария Радкевич қатысты.

P2388582.JPG

P2388646.JPG

Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында жүргізілген дәрістер туралы сөз қозғады.

- Қазіргі уақытта университетте студенттердің шетелде білім алуына барынша жағдай жасалған. Осы мақсатта «Академиялық ұтқырлық», «Қос диплом» бағдарламалары жүргізілуде. Білім алушылар биыл Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея Республикасында білімін жетілдірмек. Шетелдік профессорлардың біздің елге келіп дәріс жүргізуі екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығын нығайтады. Сондай-ақ, ғалымдардың тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік береді, – деді Майнұр Әбілтайқызы.

Айта кету керек, басқосуды «Электр энергетикасы, тіршілік қауіпсіздік негіздері және экология» кафедрасы ұйымдастырды. Шара соңында профессор-оқытушылар мен  жас зерттеушілер жаңа идеяларды ортаға салып, экологиялық мәселерді оңтайлы шешу мақсатындағы өз ұсыныстарын жеткізді.

P2399149.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...