«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 қыркүйек 2023
  • 1007

 «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде облыстық дін істері басқармасымен бірлесіп «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.  

Жиында облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков әлеуметтік желіде жастардың діни ақпарат алуда тек ресми сайт пен парақшаларды пайдалану керектігін айтты.

- Қаізргі таңда діни экстремизм мен терроризм әлемде ең күрделі мәселелердің бірі. Еліміздегі деструктивті діни ағымдардың үгіт-насихат жұмысы қарқын алып, діни экстремистік идеялардың қоғамға кеңінен тарай бастағаны жасырын емес. Өздеріңізге мәлім, әлеуметтік желілердегі ақпараттың барлығы оң мақсатта таратылмайды. Сондықтан діни ақпарат алуда абай болғандарыңыз абзал. Ресми түрде жұмыс жасайтын мекемелердің сайт пен парақшасы арқылы жауапты мамандардан кеңес алуға болады, – деді Дінмұхамед Жандарбекұлы.

Шара барысында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі, теология ғылымдарының PhD докторанты Тимур Нүсіпханов «Медиа мен терроризмнің өзара байланысы» тақырыбында, Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, республикалық және облыстық АТТ мүшесі, дінтанушы ғалым Бахтияр Оспанов қазақ халқының салт-дәстүрінің дінмен сабақтастығы, интернеттен діни мазмұндағы ақпарат алудың қауіптілігі бойынша баяндама жасады.

Университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай жастардың өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарап, әрдайым биік мақсат қою керек екенін айтты.

Сонымен қатар, шара барысында студенттерге дәстүрлі емес діни ағым идеологиясы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...