Университеттің ғылыми кітапханасы «Үздік кітапхана» номинациясымен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қыркүйек 2023
  • 980

Университеттің ғылыми кітапханасы «Үздік кітапхана» номинациясымен марапатталды

Қызылорда облысының 85 жылдығы қарсаңында, қала күніне орай «Қаламгерлер» аллеясында «KitapFEST – 2023» фестивалі өтті. Шараға республикалық, жергілікті баспа үйлері, жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру оқу орындарының кітапханалары, облыстық, қалалық кітапханалар қатысты.

P2399505.jpg

P2399522.jpg

Шараның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, құндылығын көрсету.

Көрмеге университеттің тарихы туралы туындылар, оқытушылардың ғылыми еңбектері, көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар қойылды.

Фестивальде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапхана ұжымы «Үздік кітапхана» номинациясына ие болып, Қызылорда қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жиынға университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева қатысып, кітапханашыларға жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.

photo_5215451441655827464_y.jpg

Ауқымды көрмені қалалық мәдениет және спорт бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырды.

Айта кету керек, оқу орнында электронды кітаптардың саны артуда. Университеттің ғылыми кітапханасы AlemBook электронды кітапханасымен 5 жылға келісімшарт жасасты. Қазіргі таңда студенттер кез келген уақытта интернет арқылы AlemBook электронды кітапханасының кітаптарын тегін оқи алады.

2022-2023 оқу жылында жалпы сомасы 15 миллионға жуық теңгені құрайтын 1789 дана оқу құралы сатып алынды.

Бүгінде университет кітапханаларын цифрландыру жұмысы қарқынды жалғасып келеді. Осы мақсатта  жоғары жылдамдықты Optima А2 сканері сатып алынып, оқу жылында 465 дана кітаптың электронды нұсқасы жасалды.

P2399543.jpg

P2399533.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...