Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресі өтуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қыркүйек 2023
  • 1278

Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресі өтуде

Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресі киелі Түркістан жерінде өз жұмысын бастады. Тарихи маңызы бар TWMS конгреске әлемнің 20 елінен 400-ден астам ғалым мен профессор-оқытушылар қатысуда. Сондай-ақ, шарада министрлік өкілдері мен ЖОО ректорлары бас қосты.

WhatsApp Image 2023-09-21 at 17.11.36.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-21 at 17.11.27.jpeg

Конгреске Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті делегациясын Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова бастап келді. Делегация құрамында математик-ғалымдар және ерікті білім алушылар бар.

Ауқымды шараның бірінші жұмыс күні – пленарлық мәжіліс ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова қатысушыларға, конгресс жұмысына сәттілік білдірді.

Жиын барысында TWMS президенті Бақытжан Жұмағұлов "Заманауи математика және оның қолданулары" тақырыбында баяндама жасады. Ал шетелдерден келген (Туркия, Ресей, Қырғызстан және т.б.) академик, профессор ғалымдар математиканың іргелі салалары – функционалдық талдау, кері және корректілі емес есептерді шешудің сандық әдістері мен теориясы бойынша зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

WhatsApp Image 2023-09-21 at 17.11.28.jpeg

Сонымен қатар, 500-ден астам тезистер келіп түскен конгресте 10 секция бойынша математика саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп,  тың идеялар талқыланады деп күтілуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...