Білім беру үдерісіндегі ЖАОК-тың білім алушылар үшін артықшылығы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 қыркүйек 2023
  • 842

Білім беру үдерісіндегі ЖАОК-тың білім алушылар үшін артықшылығы

Қазіргі уақытта әлемде танымал және сұранысқа ие технологиялардың бірі – жаппай ашық онлайн курстары (MOOC).

WhatsApp Image 2023-09-22 at 18.45.17.jpeg

Жаппай ашық онлайн курстар – қашықтықтан білім берудің қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан түрі. 
Университет бүгінде білім алушылардың қажеттіліктеріне негізделген білім беру сапасын арттыру және осы мақсатта оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуде.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамының  Мooc-korkyt.kz платформасына қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі курстары орналастырылған. Платформаға оқуға және жаңа нәрсені үйренуге ниет білдірген кез келген адам тіркеле алады. Сонымен қатар университеттің білім алушылары қазақ тілінде Coursera - бағдарламасы бойынша білім алуда. 

ЖАОК білім беру платформасында орналастырылған онлайн курстар кез келген уақытта білім алуға мүмкіндік береді. Платформада бейне дәрістер, мәтіндік материалдар, қосымша ресурстар және білімді тексеруге арналған тапсырмалар бар. Курстар өзін-өзі оқытуға арналған бейне дәрістерді қамтып қана қоймай, емтихан тапсыруға және  сертификат алуға мүмкіндік береді.

ЖАОК арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу мол артықшылықтар береді. Ең алдымен курсты әзірлеу кезінде оқытушылар ең негізгі және өзекті материалды таңдайды, ол сегменттерге бөлінген бейне дәрістер түрінде ұсынылады, бұл тыңдаушыға материалды оңай қабылдауға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2023-09-22 at 18.45.17 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-09-22 at 18.45.17 (2).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...