Ғалым Әзілхан Тәжекеев Хорватияда тәжірибе жинақтады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 қыркүйек 2023
  • 676

Ғалым Әзілхан Тәжекеев Хорватияда тәжірибе жинақтады

Хорватиядағы Задар Халықаралық су асты археология орталығында (ICUA) археологиялық олжаларды сақтау және қалпына келтіру бойынша екі апталық курс өтті. 

WhatsApp Image 2023-09-26 at 12.15.13 (2).jpeg

Курсқа университеттегі «Археология және этнография» орталығының жетекшісі, PhD Әзілхан Тәжекеев қатысты. Дәрісте археологиялық зерттеулер кезінде табылған жәдігерлерді қайта өңдеудің тың әдістері айтылды. Айталық, металл, органика, керамика, шыныны тазалау, өңдеу, консервациялау, қайта қалпына келтіру бойынша лекция және практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2023-09-26 at 12.15.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-09-26 at 12.15.12.jpeg
Задар – Хорватиядағы үш мың жылдық тарихы бар қала. Археологиялық ескерткіш, курорттық аймақтарымен танымал шаһар солтүстік Далматияның әкімшілік, экономикалық, тарихи және мәдени орталығы. Курс барысында қатысушылар қаладағы сәулет ескерткіштері, музей, ұлттық парктермен танысты. 
Ғалымның шетелде өткен курсқа қатысуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Задар Халықаралық су асты археология орталығы қолдау көрсетті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...