Онлайн вебинарда патент пен авторлық куәлік алу талаптары талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 қыркүйек 2023
  • 731

Онлайн вебинарда патент пен авторлық куәлік алу талаптары талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Зияткерлік меншікті қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында онлайн вебинар ұйымдастырылды.

Шара барысында «Ұлттық зияткерлік меншік институт» мамандары авторлық презумпция, авторлық құқық объект туындылары, патенттің қолданылу мерзімі туралы кеңінен талқылады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибелерге тоқталды.

03.gif

Жиында «ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік құқығы орталығының аға сарапшысы Ұлбала Төлеуова «Авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау. Жеке туындыға авторлық құқықты тіркеу» тақырыбында, «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының бас сарапшысы Олжас Жұбанов «Өнертабыс және пайдалы модельді құқықтық қорғау» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, онлайн вебинарға «ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік құқығы орталығының сарапшысы Магай Мисон, «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының аға сарапшысы Ләззат Түтешова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева, ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Айта кету керек, онлайн вебинар университеттің Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен өтті.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізу бойынша келісімге келді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...