Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері XIX Азия ойындарында жүлдегер атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 қыркүйек 2023
  • 705

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері XIX Азия ойындарында жүлдегер атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері  дзюдодан қола медаль олжалады.

Жазғы Азиаданың алғашқы күнінде Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жеңіп алды. Үшінші орын үшін күресте отандасымыз Тәжікстаннан келген палуан Мерзод Суфиевті жеңді.

Мағжан Шамшадин1.webp

Ал дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта 3-орын үшін өзбекстандық Мусо Собировпен шеберлік байқасып, қарсыласын иппон әдісімен жеңіп кетті. Байрақты бәсекеде спортшы қола жүлдені иеленді.

Абылайхан Жұбаназар.jpg

Азия ойындарында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласқан Нұрлыхан Шархан Оңтүстік Корея өкілі Йон Хун Воннан басым түсті.

i.webp

Университет түлектерінің үшеуі де Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алған.

Айта кету керек, дүбірлі додада ел мерейін арттырған спортшылар – ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі.  Мағжан Шамшадин мен Абылайхан Жұбаназар дзюдодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ал Нұрлыхан Шархан ҚР спорт шебері.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...