Студенттер қауіпсіздігі – басты назарда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 қазан 2023
  • 706

Студенттер қауіпсіздігі – басты назарда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп «Білім беру ортасының қауіпсіздігі, терроризм мен экстремизм идеологиясына қарсы тұру» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

P2400211.JPG

P2400244.JPG

Жиында оқу орнының білім алушыларына «Терроризм деген не және одан қорғалу іс-әрекеттері», «Эвакуация кезіндегі әрекеттер» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай оқу орнында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

- Жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру – басты міндеттердің бірі болып саналады. Университетте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі, турникеттер, хабардар ету жүйесі, дабыл түймелері іске қосылған, – деді Жандос Нұртайұлы.

Сонымен қатар, шараға ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бөлім инспекторы, ұлттық қауіпсіздік майоры Мұрат Телеуов, ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Асылхан Мейрамбеков, Терроризмге қарсы жұмыстар және әскери-жұмылдыру қызметінің басышысы Ғалымжан Жармаханов қатысты.

P2400219.JPG

P2400253.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...