Студенттер мен магистранттарға арналған халықаралық кредиттік ұтқырлық бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 қазан 2023
  • 907

Студенттер мен магистранттарға арналған халықаралық кредиттік ұтқырлық бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстар бөлімі 2024 жылдың көктемгі семестрінде Бельгияның Ховест қолданбалы ғылымдар университетінде ағылшын тілінде оқуға арналған Еуропа Одағының Эразмус+ жобасының Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша конкурс жариялайды:

- Қолданбалы информатика (Компьютерлік ғылымдар) I және II

- I және II Биоинформатика

- Шығармашылық коммуникациялық жоба

- Дизайн

- Сандық өнер және ойын-сауық іс-шаралары

- Сандық дизайн және даму

- I және II бизнесті жаһандық басқару

Конкурсқа 3-курс студенттері мен 1-курс магистранттары тиісті білім беру бағдарламалары бойынша қатыса алады.

Конкурстан өткен  жағдайда білім алушыларға Эразмус+ жобасының гранты бөлінеді, ол барлық шығындарды өтейді, соның ішінде бару-қайту жолақысын, медициналық сақтандыру полисін, визалық шығындарын, жатақханада тұру төлемақысын және ай сайын стипендия тағайындалады.

Оқу кезеңі 2024 жылдың ақпан-маусым айлары.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1. Білім алушының толық деректерімен ЖОО басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институты, БББ, тобы, паспорттық деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-поштасы);

2. ҚР азаматы паспортының көшірмесі және жеке куәлігінің көшірмесі;

3. Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт (GPA кемінде 3.0 балл);

4. Шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS/TOEFL) арқылы алынған Сертификат;

5. IELTS/TOEFL сертификаты жоқ үміткерлер 13 қазанда сағат 16:00-де университеттің бас оқу ғимаратының мәжіліс залында ағылшын тілінен институционалдық тест тапсырады.

Құжаттарды қабылдау халықаралық байланыстар бөлімінде 2024 жылғы 12 қазанға дейін жүргізіледі. Қызылорда қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212 кабинет, тел.: 26-17-25

Қорқыт Ата университеті Халықаралық байланыстар бөлімі.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...