Меруерт Өмірзақованың мерейтойына орай Академиялық Кеңес мәжілісі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 мамыр 2022
  • 1580

Меруерт Өмірзақованың мерейтойына орай Академиялық Кеңес мәжілісі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қауымдастырылған профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Өмірзақованың 50 жас мерейтойына арналған «Экономика, басқару және құқықтану» бағыты бойынша  Академиялық Кеңес мәжілісі  өтті.

Меруерт Әбдуәліқызы еңбек жолын 1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің «Экономикалық теория» кафедрасында оқытушысы ретінде бастаған. Бүгінге дейін педагог «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі, «Тарих, құқық жән экономика» институты директорының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Экономика, басқару және құқықтану» бағыты бойынша Академиялық Кеңес Төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды.

Ғалым 1999-2002 жылдары аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  аспирантурасында білім алды. 2009 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор Әлия Мұхамеджанованың жетекшілігімен «Еңбек ресурстарының өсіп-өнуі жүйесіндегі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Меруерт Әбдуәліқызының 1 монографиясы, 5 оқу құралы және 100-ден аса  ғылыми мақаласы жарық көрген. Профессордың тәрбиелеген шәкірттері бүгінде ғылым саласының үздіктері, бірнеше жүлделі орындардың иегері.

Ғылым жолындағы еңбегі бағаланып, «Жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелісі, «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік оқытушысы» марапаттарын иеленді.

Ғылым жолы – тоқтап, тоқырауды қаламайтын, үнемі ізденіспен алға қарай ұмтылудан тұратын ұлы керуен. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаздың мерейтойына «Экономика, басқару және құқықтану» бағыты бойынша  профессор-оқытушылар, білім алушылар, ұстаздың түлектері мен қонақтар қатысты. Сонымен қатар, Меруерт Әбдуәліқызының ғылыми жетекшісі,  экономика ғылымдарының докторы, профессор Алия Мұхамеджанова мен Түркия мемлекетінде білімін жалғастырып жүрген шәкірті Бауыржан Ахметов бейне құттықтау жолдап, ақжарма тілектерін білдірді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...