Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы өтеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қазан 2023
  • 841

Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы өтеді

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 25 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсын ұйымдастыруда.

Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

- қоғамдық бақылау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.

Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал. Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.

Конкурстың финалдық кезеңі 2023 жылды 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2023 жылы 10 қарашаға дейінгі мерзімде konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 телефон арқылы алуға болады.

Конкурстың ережесімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз.

ЕРЕЖЕ

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...