Университетте балалар күні аталып өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 маусым 2022
  • 1650

Университетте балалар күні аталып өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті.  Мерекелік жиынға оқу орны қызметкерлерінің балалары, қала тұрғындары қатысты. Шарада Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ.  Баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ.  Бала – біздің баға жетпес байлығымыз. Еліміздің тірегі болатын жастардың болашағын баянды ету - біздің басты парызымыз»,-деді Нұрлан Серікұлы.

Думанды кеште балалар өз өнерлерін көрсетіп, қошеметке бөленді. Сонымен қатар, спорттық сайыстарға қатысып, сурет салды.  Мұндай іс-шара  балалардың шығармашылық дағдысын арттырып,  оларға эстетикалық тәрбие беруде үлкен рөл атқарады.

Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, кітап оқуға шабыттандыру мақсатында «Кітап сыйла» акциясы өтті. Оларға кітаптың ең пайдалы әрі өзекті сыйлық екенін, қазіргі техниканың заманына қарамастан оның құндылығы жоғалмайтыны насихатталды.

Аниматорлар балаларға арналған ойындар ұйымдастырып, тегін балмұздақ таратты. Өнерімен көзге түскен балақайлар бағалы сыйлақтар мен арнайы номинация бойынша марапатталды. Мұның бәрі балалардың уақытын көңілді өткізіп, қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, шараның бас демеушісі «BIALI SPORT» спорттық тауарлар дүкенінің негізін қалаушы Асхат Шаукенбаев. Сондай-ақ,  мерекелік кешке «Қазгермұнай «компаниясының Жас мамандар кеңесі мен облыстық мәдениет және спорт басқармасы қолдау көрсетті.

   35.JPG    37.JPG   

   36.JPG    41.JPG

   38.JPG    39.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...