Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық ғылыми конференция өтті
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 маусым 2022
  • 6193

Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық ғылыми конференция өтті

Қызылордада Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған «Ә.Нұрпейісов –заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

Жиынға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Көшербаев, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Бердібек Сапарбаев, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шарада заңғар жазушының болмысы, суреткерлік шеберлігі мен шығармаларында көтерілген мәселелер кеңінен талқыланды.

Қаламы қарымды, қолтаңбасы бөлек Әбдіжәміл Нұрпейісов – әдебиеттің алтын діңгегіне айналған тұлға. Ол әлем назарын аударған «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы арқылы заман шындығын, Арал теңізі бойын жағалай қоныстанған тұрғындардың өмірін бейнеледі.

Жиында филология ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Қорқыттану» ғылыми орталығының директоры Бағдат Кәрібозұлы баяндама жасап, «Соңғы парыз» дилогиясындағы жазушының сөз қолданысы мен оқиғалы манологтардың астарына, мағынасына кеңінен тоқталды.

«Соңғы парыз» – әдебиетіміздің басты тақырыбы туған жер, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар жайына арналған күрделі шығарма. «Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болған» атты екі кітаптан тұратын роман – дилогияға бір күн, бір түннің ғана оқиғасы сидырылған. Романда оқиғалы ішкі монологтар мен авторлық баяндаулар көп. Бұлардың әрқайсысын романның құрылымынан бөліп алып, микроновеллалар не әңгімелер күйінде оқып, қабылдауға да болады. Осындай монологтардың ішіндегі бастысы - Жәдігердің монологі. Балық колхозының қарапайым ғана бастығы болғанымен, Жәдігердің ойы ұшқыр, парасаты биік, жоғары білімді азаматтың сезімі де сергек, селкеусіз, таза. Жәдігер монологінің автордың ой-сезімімен, ақыл-парасатымен, интеллектісімен қабысып жатуы шығармашылық болмысқа тән заңдылық. Автор өзінің кейбір ойларын Жәдігердің аузына салған. Сондықтан романдағы Жәдігер тағдыры Арал тағдырымен ұштасып баяндалатыны сезіліп тұрады, – деді Бағдат Кәрібозұлы.

Конференцияда мұнан бөлек филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры Ғабит Тұяқбаев «Шығармашылық мұрат және суреткер парызы» тақырыбында, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры Ұлжан Жаңбыршиева «Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы психологизм» тақырыбында баяндама жасады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...