Студенттер мен магистранттарға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қазан 2023
  • 877

Студенттер мен магистранттарға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық байланыстар бөлімі серіктес Лодзь университетінде және Жешув технологиялық университетінде (Польша) ағылшын тілінде оқуға 2024 жылғы көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттар қабылдайды. Бағдарламаға бакалавриат және магистратура білім алушылары (бітіруші курстардан басқа) қатыса алады.

Конкурстан өткен жағдайда білім алушылар бару-қайту жолақысы, медициналық сақтандыру полисі, визалық шығындарды өздері төлейді. Лодзь университетінде және Жешув технологиялық университетінде оқу тегін, ал жатақханада тұру ақысы білім алушылардың есебінен болады.

Өтініш беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Білім алушының толық деректерімен университет басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);

2) Үлгерімі туралы транскрипт (электронды түрде) (GPA 3.0 баллдан төмен болмау керек);

3) Шетел тілін (ағылшын тілі) меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болған жағдайда шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS/TOEFL);

4) IELTS/TOEFL сертификаттары болмаған өтініш берушілер ағылшын тілі бойынша институционалды тестті 23 қазан күні сағат 16:00-де бас оқу ғимаратының мәжіліс залында офлайн форматында тапсырады.

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, телефон: 26-17-25

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі.

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...