Университет ғалымдарымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар атқарылады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қазан 2023
  • 833

Университет ғалымдарымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар атқарылады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары «Жоғары технологиялар институты» ЖШС тапсырысы негізінде «Жерасты шаймалау ұңғымаларын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін реагент ретінде фтор қышқылын тәжірибелік өнеркәсіптік сынау» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын жүргізеді.

Жобаның ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, Инженерлік технология кафедрасының зерттеуші профессоры, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Нұрбол Аппазов. Жобаны орындау мерзімі – 1 жыл. Жоба құны –  он миллион теңге.

Айта кетейік, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС – еліміздегі уран саласы дамуының тиімді ғылыми негізде үйлестіруші инфрақұрылымы, инновациялық дамудың стратегиялық міндеттерін, өндірістерді технологиялық жаңартуды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешетін кешенді салалық ғылыми институт.

 

«Жоғары технологиялар институты» ЖШС жалғыз құрылтайшысы –

«Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...