Әдеби-танымдық буклет жарық көрді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 қазан 2023
  • 1008

Әдеби-танымдық буклет жарық көрді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде АР14870690 «Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері» жобасы аясында «Сыр өңіріндегі қасиетті орындар» атты әдеби-танымдық буклеті жарық көрді.

IMGL1992.JPG

IMGL2058.JPG

Буклетке республикалық және өңірлік деңгейде Қазақстанның қасиетті нысандары тізімінде бар тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілген. Әдеби танымдық буклет Сыр өңірінің тарихы, мәдениеті мен әдебиетін зерттеушілерге, өлкетанушыларға, туристерге және жалпы оқырманға арналған.

Осы туындының тұсаукесеріне Түркия мемлекеті, Қажы Байрам Вели университетінің профессоры Ченгел Хулия, Гуманитарлық-педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Шараны жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлзира Оралова ашты. Ал әдеби-танымдық буклетті құрастырып, экспедиция жұмысының бел ортасында жүрген тарих ғылымдарының магистрі, археолог Асхат Сайлау Сырдағы қасиетті орындар туралы айта келіп, бұл буклетке бұрын-соңды зерттеу нысанына алынбаған киелі жерлердің енгендігін тілге тиек етті.

Буклеттің тұсаукесер құрметіне профессор Хулия Ченгел мен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының жетекшісі Әсия Алмауытова ие болды.

Шара соңында буклеттер жиналған жұртшылыққа таратылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

                                    

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...