«Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 қараша 2023
  • 1035

«Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде AP19680346 «Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр» ғылыми жобасының аясында «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жоба жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнұр  Камишева.

 Конференцияға шетел ғалымдары мен ғылыми қызметкерлер, басқа да ЖОО оқытушылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және білім алушылар қатысты.

Әдебиет ұлтқа, түске бөлінбейді. Әдебиет – халықтар арасында алтын көпір, сондықтан да қай халықтың әдебиеті болса да өзінің қалыптасып, даму жолында әлемдік әдеби дәстүрлерді меңгереді, олардан нәр ала отырып, өздері де дами түседі. Сыр бойындағы сөз өнерін ұстанған ақын-жыраулар сонау ежелгі дәуірден бастап бүгінге дейін шығыстық классикалық әдебиеттің ықпалымен әдеби дәстүр қалыптастырды.

WhatsApp Image 2023-11-03 at 18.14.23.jpeg

WhatsApp Image 2023-11-03 at 18.14.22.jpeg

Конференция жұмысы барысында Сыр сүлейлерінің шығармаларына шығыстың классикалық әдебиетінің ықпалы әлем елдеріндегі әдеби-мәдени ықпалдастық жан-жақты талқыланды.

Жиынға Түркия мемлекеті, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры, PhD доктор Yildiz Naciye, Анкара университеті, PhD Abdullah Gündoğdu, Ўзбекистон миллий университети, Ўзбек адабиётшунослиги кафедраси таянч докторанти Давронбек Орипов, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, PhD  доктор Рүстем Сапарниязов, Монголия Білім университетінің Баян-Өлгий аймақтық бөлімшесінің директоры, PhD, профессор Қиналған Жылқыайдарқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Әбжет, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Университет профессоры Ұлжан Жанбершиева «Фирдоуси Шахнамасы және Тұрмағанбет» атты баяндамасында халықтың  ғасырлар өтсе де, құндылығын жоймай  мәңгілік көркемдік мұраға айналған халықтың эстетикалық талғамына төтеп бере алатын туындылар жазған Сыр сүлейлерінің шығармаларындағы құндылықтарды талдап, әлем әдебиетіндегі әдеби тоғысуларды ғылыми тұрғыда талдады. Танымдық қабілетті арттыратын тың пікірлері шетел ғалымдары мен білім алушылардың қызығушылығын оятты.

Шара соңында баяндамашыларға сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...