Спартакиада жеңімпаздары анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 қараша 2023
  • 914

Спартакиада жеңімпаздары анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Республика күніне орай білім алушылар арасында институтаралық спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға 300-ден астам білім алушы қатысты.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті. Қатысушылар үстел теннисі, шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, футзал, жүзу, арқан тарту ойындарынан сынға түсті.

P2466585.jpg

P2477005.jpg

Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай қатысты.

Спартакиаданың жалпыкомандалық нәтижесі бойынша І орынды Жаратылыстану институты, ІІ орынды Педагогика және дәстүрлі өнер институты, ІІІ орынды Гуманитарлық-педагогикалық институты иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталып, үздік ойыншылар марапатталды. 

P2477043.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...