Құрметті Білім алушылар!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 маусым 2022
  • 3610

Құрметті Білім алушылар!

 

Қазақстан Республикасы  Президентінің стипендиясына үміткер студенттердің құжаттары жазғы сынақ-емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде Оқу үдерісін ұйымдастыру бөліміне (бас оқу ғимараты,№314 кабинет) тапсырылуы тиіс.

Тапсырылатын құжаттар:

1)   Барлық оқу кезеңдері бойынша транскрипт;

2)   Жеке куәлік көшірмесі;

3) Үміткерлердің  әр түрлі деңгейдегі табыстарын (ғылыми-еңбектері жинақтары, олимпиадалар, конкурстар, жобалар, конференциялар және басқа да жарыстардың (өнер, спорт) марапаттаулары, алғыс хаттары) дәлелдейтін құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқа және көшірме);

4)   Институт директоры тарапынан қолдау хат;

5)   Құжат тігілетін мұқаба (Скоросшиватель)

 

Үміткер төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1. Мемлекеттік білім гранты немесе ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) бағаларына оқитын күндізгі оқу нысаны бойынша 2022-2023 оқу жылының 3,4 курс студенттері;

2. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

3. Ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

4. Табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

5. Білім беру ұйымның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

 

Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі!

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...