Министр Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханаларымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қараша 2023
  • 1111

Министр Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханаларымен танысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханаларымен танысты.

Министр алдымен «Өркениет» жатақханасымен танысып, студенттермен кездесті. Студенттер үйінде университет жастарына 274 орын бөлінген, қазіргі уақытта мұнда жалпы саны 255 білім алушы орналасқан. Саясат Нұрбек шәкірттердің жағдайымен жете танысып, университет жастарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында республика бойынша студенттердің жатақханамен қамтылуы басты назарда екенін, өңірлерде бұл мәселе шешімін тапқанын атап өтті.

IMGL3827.jpg

IMGL4240.jpg

Мұнан кейін министр «ДилМаш» жатақханасындағы жастармен кездесті. Жатақхана 170 орынға лайықталған, бүгінде 162 білім алушы қоныстанған.

Сондай-ақ, министр университет базасындағы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Мұнда білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру сабақтары, спорт кешенінде шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисінен спорт секциялары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жарыстар мен барлық деңгейдегі спартакиадалар өткізіліп тұрады.

Министр №5 студенттік жатақхананы да аралап, студенттердің тұрмысымен танысты. Оқу орнының №5 жатақхана ғимараты 400 студентке арналған. Қазіргі уақытта 386 білім алушы орналасқан. ЖОО өкілдері жатақханадағы жастардың білім алуына, бос уақытын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалғандығына тоқталды. Жатақханадағы бөлмелер 2–4 адамға арналған, қажетті жиһаздармен қамтылған. Ғимаратта семинар-тренинг өткізуге арналған кабинеттер, кітапхана және компьютерлік сыныптар, асхана, кір жуатын бөлме, теннис залы бар. Ал, аулада спорттық жаттығулар жасауға арналған алаң бар, сонымен бірге биыл жаңа футбол алаңы пайдалануға берілген.

IMGL4031.jpg

IMGL4161.jpg

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамы және студенттермен кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт  шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, 2023 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдегері Олжас Оразалыұлы, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт  шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Жұбаназар Абылайхан және бапкерлер марапатталды.

Айта кету керек, университет балансында 1230 орындық бес студенттік жатақхана бар. Сондай-ақ, 350 орынға арналған жатақхана құрылысы басталды.

IMGL3923.jpg

photo_5350335675565723863_y (1).jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...