Қазақстанда Эндаументтер қауымдастығы құрылады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 қараша 2023
  • 932

Қазақстанда Эндаументтер қауымдастығы құрылады

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ТМД елдерінен келген өкілдердің басын қосқан ІІІ Халықаралық Эндаументтер конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен мемлекеттік органдар, қаржы секторы, сондай-ақ «Эндаумент» қорлары және оқу орындарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстандағы эндаумент қорлардың жай-күйі мен даму перспективаларын, олардың қызметін қолдау мен реттеудегі мемлекеттік органдардың рөлін талқылады, сондай-ақ ТМД елдеріндегі эндаумент қорларының тәжірибесімен бөлісті.

Ресей Ұлттық эндаумент қауымдастығының Басқарма төрағасы Светлана Лаврованың табысты фандрайзинг қағидаттары мен Эндаумент қауымдастықтарының тиімді жұмыс істеуі туралы егжей-тегжейлі баяндамасының арқасында эндаумент қорларының қызметіне ерекше назар аударылды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Фархад Қуанғанов қатысып, эндаумент қорларына қатысты Заң жобасы туралы ақпаратпен бөлісті.

Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті атынан «Korkyt ata endowment» корпоративтік қорының директоры Маржан Базарханова қатысты. Айта кету керек, биыл «Korkyt ata endowment» корпоративтік қорының жұмысын бастағанына екі жыл толды.  

Конференция қорытындысы осы бағытта тұрақты даму және фандрайзинг мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі, нәтижесінде Эндаумент қауымдастығы құрылады. Сондай-ақ, «Эндаумент қорлары туралы» заң жобасы дайындалады.

WhatsApp Image 2023-11-08 at 11.37.41.jpeg

Маржан БАЗАРХАНОВА
«Korkyt ata endowment» корпоративтік қорының директоры

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...