Өңірлік студенттік омбудсмен министрдің Алғыс хатымен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қараша 2023
  • 889

Өңірлік студенттік омбудсмен министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы III студенттік кеңес өтті.

Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен оқу орнының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұртілеу Жорабек, Қызылорда облыстық студенттік омбудсмен Сабыржан Қуандық және белсенді студент, Жастар комитеті төрағасының орынбасары Нұрайым Сағнадинқызы қатысты.

Кеңесте Қызылорда облыстық студенттік омбудсмен Сабыржан Қуандық 2023-2024 жылдары өткізілетін спорттық ойындар, атап айтсақ «Usport», «Студент барысы» жобасы туралы баяндама жасады.

«Республикалық «Студенттер барысы» турнирінің мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ЖОО студенттері арасындағы достық қатынасты нығайту, қазақ күресін кеңінен насихаттау, халықаралық аренада беделін арттыру. Турнирге 16-24 жас аралығындағы 10 мыңнан астам студент қатысады. 2024 жылы пилоттық режимде іске асырылып, нәтиже беріп жатса, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылса дейміз», – деді Сабыржан Бахытжанұлы.

160.jpeg

Сондай-ақ, Сабыржан Бахытжанұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатына ие болды.

Айта кету керек, кеңеске өңірлік студенттік омбудсмендер, Қазақстан студенттері Альянсының төрағалары, белсенді студенттер қатысты.

Медиа центр Кызылординского университета имени Коркыт ата
Контактный телефон: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...