Тәуелсіздік символы теңгеге - 30 жыл
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қараша 2023
  • 1189

Тәуелсіздік символы теңгеге - 30 жыл

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Тәуелсіздік символы теңгеге - 30 жыл» салтанатты жиыны өтті.

1993 жылдың 15 қарашасы ел тарихындағы маңызды кезең. Дәл осы күні тәуелсіздіктің басты белгілерінің біріне айналған ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова ұлттық валюта қазақстандық қаржы жүйесін құруға және ақша айналымын тұрақтандыруға ықпал еткенін атап өтті.

–Теңгені айналымға енгізу Қазақстанға ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құру бойынша алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Біздің ұлттық валютамыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет тарихы, маңызды тарихи оқиғалар, көрнекті қайраткерлер, мерейтойлық даталар, мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктер қағаз банкноттар мен монеталарда көрініс табады, – деді ректор.

169.jpeg

170.jpeg

Жиынға «First heartland Jusan bank» Қызылорда қаласы бойынша филиалының директоры, DBA Роман Цой, «Банк Фридом Финанс Казахстан»АҚ Қызылорда қаласы бойынша филиалының директоры Айдос Жетпісбай, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ  «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филалының Қызылорда өңірлік қызмет көрсету орталығының бастығы Еркін Қалдыбаев, «Анаға тағзым» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Гаукар Алиева, «HALYK» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Серик Алембаев, «ForteBank» АҚ Қызылорда қаласы бойынша филиалының бөлшек сауда басқармасының басшысы Бахытбек Абдыкайров, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлшек бизнес орталығының басшысы Алмат Аскаров, «Қызылорда қаласы бойынша "Bereke Bank" АҚ филиалының жеке тұлғаларға несие беру бөлімінің басшысы Айгерим Утаралиева, Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасының директордың экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Дәурен Сейтжанов,  ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі бастығының орынбасары Кайрат Дулыбаев, ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маманы Айя Амангел, ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы Шынар Ғабит, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.

Салтанатты шарада «First heartland Jusan bank» Қызылорда қаласы бойынша филиалының директоры  Роман Цой, «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ Қызылорда қаласы бойынша филиалының директоры Айдос Жетпісбай «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды.

Мерекелік жиынды «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы, Түлектер қауымдастығы мен «Korkyt ata Endоwment» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

171.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...