«ХХ ғасырдағы әдеби сын, эстетикалық ойлау және Мырзабек Дүйсенов»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 қараша 2023
  • 1215

«ХХ ғасырдағы әдеби сын, эстетикалық ойлау және Мырзабек Дүйсенов»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзабек Дүйсеновтің 95 жылдық мерейтойына арналған «ХХ ғасырдағы әдеби сын, эстетикалық ойлау және Мырзабек Дүйсенов» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

IMGL7901.jpg

Жиында университеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева ғалымның атқарған қызметі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды.

«Бар ғұмырын ғылым мен әдебиет өнеріне арнаған талантты ғалым Мырзабек Дүйсенов көп жыл ҚР ҰҒА жанындағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеті тарихын жазуға белсене қатысқан. Мұхамеджан Қаратаевпен бірге орта мектептің орыс сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырған. Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повесі бар. «Гүлжан», «Ана махаббаты» повестері орыс тіліне, «Емтихан» повесі өзбек тіліне аударылған. Жыл сайын өңірімізде талантты тұлғаға арналған түрлі шаралар өтеді. Оның барлығы туған елінің дарынды перзентіне деген құрметі десек те болады», – деді Майнұр Әбілтайқызы.

IMGL7911.jpg

IMGL7920.jpg

Конференцияда ZOOM платформасы арқылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда қатысып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев «М.Дүйсенов күнделіктеріндегі деректілік және автор болмысы» тақырыбында, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов «Мырзабек Дүйсенов –Ә.Тәжібаев поэзиясын зерттеуші» тақырыбында, М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Нұрмаханова «М.Дүйсеновтің күнделік жазудағы өзіндік стилі» тақырыбында, М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Торы «М.Дүйсеновтің балаларға арналған шығармаларындағы ерекшелік» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, ауқымды шараға университеттің «М.Шоқайтану» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, «Кәсіпкер келбеті» газеті және Республикалық «Кәсіпкер және мәдениет» журналының бас редакторы Жүзбай Таңрықбаев, Мырзабек Дүйсеновтің інісі Елеусін Дүйсенов қатысты.

Айта кету керек, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция университеттің Ғылым департаменті мен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен өтті. Шара соңында баяндамашыларға сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылды.

IMGL7948.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...