Шетелдік ғалымдар білім алушылармен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қараша 2023
  • 896

Шетелдік ғалымдар білім алушылармен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мұстафа Шоқай және қазіргі кезеңдегі түркі мемлекеттерінің интеграциялану үдерісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында шетелдік ғалымдар студенттерге дәріс өткізді.

Жиынға Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаһромон Раджабов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тұрсұн Хазретәлі және оқу орнының профессор-оқытушылары, білім алушылар қатысты.

Дәріс барысында Түркия, Күтахия Думлупынар университетінің профессоры, PhD Веджихи Сефа Фуат Хекимоғлы Мұстафа Шоқайдың ел үшін атқарған еңбегі мен өміріне кеңінен тоқталып, ұсынысын білдірді.

178.jpeg

179.jpeg

«Мұстафа Шоқайдың «Яш Түркістан» журналына жарияланған  материалдарының кейбірі қазақ тіліне қатемен аударылған. Журналдың барлық саны қайта қазақ тіліне аударылып, басылып шықса деген ұсынысым бар. Түркияда доктарантурада білім алатын қазақтар осы іспен айналысса деймін. Мен қазақ тілінде еркін жазып, сөйлегенмен, әдеби тілде аударма жасаудың орны бөлек», – деді Веджихи Сефа Фуат Хекимоғлы.

Шара соңында ғалымдарға сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...