«Үздік шешен студент» байқауының жеңімпазы атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қараша 2023
  • 861

«Үздік шешен студент» байқауының жеңімпазы атанды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы «Үздік шешен студент» республикалық байқауында бас жүлде иеленді.

Байқауға еліміз бойынша 12 ЖОО-ның білім алушылары қатысты. Шешендік шеберлік сыналған сайыста қызылордалық студенттер тіл байлығы,  ұшқыр ой, ұтымды пікірлерімен басқалардан ерекшеленді.

Байқаудың басты мақсаты – білім алушыларды шешендік өнерге баулу, от ауызды, орақ тілді би-шешендеріміз секілді сөз саптауға, көп емес, дөп сөйлеуге үйрету. Студенттеріміз Сыр елінен шыққан тұлғаларды жырға қосып, би-шешендердің диалогтарын мәнерлеп оқыды, электронды кітап әзірлеп, Qr арқылы тыңдауға болатын нұсқасын дайындады. Сондай-ақ, түрлі тапсырмаларға ұтымды жауап беріп, таза қазақ тілінде, қысқа да нұсқа сөйлеуімен, тапқыр жауаптарымен, тіл байлығымен ерекшеленді, – деді топ жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айман Айтбаева.

Айта кету керек, байқауға университеттегі «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...