Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қараша 2023
  • 1000

Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасында меморандум жасалды.

Жиында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова меморандумның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, осы кезге дейін сот, құқық қорғау және  арнайы органдармен, құқық қолдану практикасымен айналысатын мекемелермен тығыз байланыс орнатылғанын атап өтті.

IMGL0654.jpg

IMGL0655.jpg

Шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров, профессор-оқытушылар, білім алушылар қатысты.

Айта кету керек, университетте құқық саласы бойынша кадрлар 1992 жылдан бері дайындалып келеді. Қазір кафедра түлектері еліміздің барлық аймақтарында сот органдарында, прокуратурада және басқа да құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда.

Құқық бағыты бойынша 3 білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім берілуде. Контингент саны жыл сайын артып, 500-ге жуықтады.

Меморандумның мақсаты – Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде студенттерді тәжірибеден өткізу, жаңа формациядағы заңгер кадрларды даярлау, қылмыстық-атқару жүйесіне ЖОО-ны үздік бітіріп, жұмысқа орналасуға ниет білдірген түлектерді тарту.

Алдағы уақытта меморандум аясында екі жақты нәтижелі жұмыстар жүргізіледі. 

IMGL0667.jpg

IMGL0685.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...